«Дудар мен Мәриямның суреті» тағы да талқыға түсті
«Дудар мен Мәриямның суреті» тағы да талқыға түсті
Желі белсендісі Әбдірейім Өміров өзінің Facebook-тегі парақшасына «Дудар-ай» атты бір-ақ әнмен танымал болған Мәриям Жагорқызының ғашығы Дүйсенмен (ән кейіпкері Дудар) бірге түскені деп тарап кеткен суретті бөлісті жазды newsroom.kz порталы.
«Рас па екен? Мына жазуларды оқитындар оқып жазса дұрыс болар еді. Сенімсіз болып тұрғаным, Дүйсен бұйрабас болған, сондықтан дударай аталған дейтін», - деді жазба авторы.Ал оған Ғазиз Оспанов есімді азамат:
«Бұл фотодағы Дүйсен мен Мария емес екендігі дәлелденген. Бұл фейк фотоны неге шығара береді? Мақсат не?» деген ренішін білдірді.Сондай-ақ кейбіреулер оны жариялаған qazaqnews ақпарат көзінің дәлелденбеген дүниелерді жариялай беретінін алға тартқан. Басқа оқырмандар болса, суреттегі ер кісінің Дүйсен екеніне сенімді. Өйткені дудыраған шашты қысқартса, дәл осы суреттегідей болары сөзсіз деседі. Қалай десек те, енді бұл суретке қатысты тоқетер сөзді мәдениеттанушы мамандар айтуы тиіс.