Дәрігерлер арасында гейлер анықталып жатыр

05 Қараша, 2019 172 0

Түркіменабад қаласында өткен осындай жиналыстардың бірінде Ашғабадтан дәрігерлер арасында гейлерді анықтау туралы тапсырма түскені айтылған.

Түркімен дәрігері Қасымберді Гараевтың гомосексуал екені туралы мәлімдемесінен соң, денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлер арасында гейлерді анықтауға кірісті. Бұл туралы «Хроника Туркменистана» басылымы хабарлады, деп жазады centralasian.org.

Еске салайық, 24 жастағы Қасымберді Гараев сұхбаты жарияланған соң, оны полиция бөліміне шақыртқан. Басылым мәліметіне қарағанда, аймақтардың барлығындағы денсаулық сақтау басқармасында жиналыс өткен.

Түркіменабад қаласында өткен осындай жиналыстардың бірінде Ашғабадтан дәрігерлер арасында гейлерді анықтау туралы тапсырма түскені айтылған.

1 қарашада Хьюман Райтс Уотч (Human Rights Watch) ұйымы Түркіменстан билігінен Қасымберді Гараев қамауда болса, оны тез арада босатуын талап етті.

Тегтер: гей, дәрігер, жиналыс, тапсырма

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.