"Аквариумдегі балықтардай": Қазақстандықтар Қостанайдағы полиция отырысы түсірілген суретті қызу талқылауда
"Аквариумдегі балықтардай": Қазақстандықтар Қостанайдағы полиция отырысы түсірілген суретті қызу талқылауда
Қостанай облысында ісі шулы Лаура Сүндеттің оқиғасының қаралымы болып өтті. Алайда желі қолданушыларын алаңдатқан мәселе тергеуші қателігі емес, сот залына жиналғандардың аквариумге ұқсас заттың ішінде отырғаны болды.
Бұған дейін Қостанайда жалдамалы пәтерлердің бірінде Лаура Сүндет есімді бойжеткен бейтаныс азамат тарапынан әлімжеттік көргенін айтқан болатын. Сөзінше, ер адам қызды жыныстық қатынасқа тарпақшы болған, алайда қарсы жауап алған соң оны ұра жөнелген. Бұған қоса Лаура Сүндет полицияның қол қусырып қарап отырғанын және кінәлі жігіт мәселені ақшамен шешпекші болып жатқанын айтыпты.
13 мамыр күні БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері, заңгерлер мен полиция басшылығы қатысқан кездесу өтіпті.
Отырыс барысында кездесуге келгендердің арасы әйнек қоршаумен бөлінгені бірден жұрт назарына ілікті. Десек те бұл жағдайды ПД өкілдері жұқпалы ауруға қарсы сақтық шара деп түсіндірді.
"Бұл эпидемиологтар ұсынған қорғаныс құралы. Полиция карантин уақытында күні-түні алдыңғы шепте жұмыс істеді, жедел штабтың отырысы өтті. Сол себепті мұндай қорғаныс түрі қажет-ақ болды. Әр адамнан соң бұл шыны қайтадан тазартылады. Медициналық маска таққыңыз келмесе, осы шыныға кіріп оытра аласыздар. Майданда кез келген әрекет тиімді дегендей, бұл да бір төтеп берудің жолы. Бастысы, бас аман болсын. Тиынның екінші жағын көрсетейін. Бұл жиналыста полиция бастығы қоғам белсенділерін және журналистерді жинап, жұмыс барысында қателік жіберген тергеушінің әрекетін ашық айтып, қоғам талқысына салған болатын", - деді полиция өкілі.
Сілтеме