Мысыр халқына қалаулы болған қыпшақ Қалауын кім еді?
Мысыр халқына қалаулы болған қыпшақ Қалауын кім еді?
Сұлтан Қалауын 1290 жылдың 10 қазанында 68 жасында Каир қаласында қайтыс болады.
Мысыр мен Шам елінің қалың жұрты күңірене отырып, Ислам дінінің қылышын ұстаған Жеңімпаз Билеуші, Қасиетті Қос Киенің Сақшысы Сұлтан Қалауынды ақтық сапарға шығарып салды.
Қыпшақ мәмлүктері Сұлтан Қалауынның әмірімен 1283 жылы салдырған зәулім ғимараттың ішіне жерледі.
Кезінде Сұлтан Қалауын жан досы Сұлтан Бейбарыстың аманатын орындап, Қыпшақ мемлекетінің Билеушісі етіп Бейбарыстың үлкен ұлы Беркеханды, кейін ортаншы ұлы Саламышты таққа отырғызған еді.Одан соң өзі де Мысыр мен Шам елін 11 жыл басқарды. Ұлы Даланың перзенттері Сұлтан Бейбарыс пен Сұлтан Қалауын басқарған 40 жыл ішінде Мысыр мен Шам елі өркениетті дамыған мемлекетке айналып, Еуропа елдерін артта қалдырды.