Қарағандыдағы YDDCorporation форроқорытпа зауытындағы екінші пеш іске қосылды

01 Қараша, 2019 121 0

Ол жылына 60 мың тоннаға дейін ферросилиция өндіру қабілетіне ие. Зауыттың табысты даму қарқыны ферросилиция өндірісінің отандық көшбасшысы және металлургия саласының кілті болуға мүмкіндік береді.

Жалпы, зауыттың бірінші кезеңі өндірісінің жалпы көлемі 180 мың тоннаны, екінші кезеңі 240 мың тоннаны құрайды.

- Бұл зауыт жақында ашылған болатын, алайда бүгіннің өзінде екінші пеш іске қосылды. Облысты таныстырған кезде, бірқатар ірі кәсіпорындар, соның ішінде облыстың жаңа брендіне айналған YDD Corporation ферроқорытпа зауыты туралы міндетті түрде айтамыз, – деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек бүгін өндірістің жаңа кезеңін іске қосу салтанатында сөйлеген сөзінде.

YDD Corporation акционері Ерлан Нығматулин жаңа пешті іске қосу жоспарланған кестеге сәйкес жүргізілгенін атап өтті. Ол әріптестеріне, кәсіпорын құрылысына және іске қосуға қатысқан Қазақстан мен басқа да елдердің мамандарына қажырлы еңбектері үшін алғысын білдірді.

- Үкіметке және облыс әкіміне бізге, инвесторларға үлкен көмек көрсеткені үшін жекелеген алғыс айтқым келеді. Бұл зауыт – өңірдегі және жалпы елдегі инвестиция үшін барлық жағдай жасалып жатқанының бірден бір көрінісі. Біз бұл жұмыс жалғасын табатынына және болашақта да кәсіпорындарды ашаалатынымызға сенімдіміз, - деді ол.

Жоба республикалық Индустрияландыру картасына енгізілген. Зауытты салу кезінде индустрияландыру 4.0 бағдарламасының параметрлеріне сәйкескелетін әлемдік деңгейдегі технологиялар қолданылды. Өндіріс заманауи сандық технологиялармен жабдықталған.

Бүгінгі күні бұл - әлемдегі ең экологиялық таза кәсіпорындардың бірі. Атап айтқанда, зауытта орнатылған газ тазарту жүйесі әлемде теңдесі жоқ және ауаны тазартудың жоғары деңгейін, атап айтқанда 99,8%-ға дейін тазаруын қамтамасыз етеді.

Бұл газ тазарту жүйесінің Кешені шаңды өндірістен ұстап қалып, оны құрылыс өнеркәсібінде қолданылатын Микрокремнезем қосалқы затына айналуының арқасында қол жеткізілетін процесс. Атап айтқанда, бұл материал жоғары мөлшердегі цемент, бетон және т. б. өндіру үшін пайдаланылады.

Дайын өнімді өндіру кезінде қазақстандық қамту үлесі 94%-дан астамды құрауы өте маңызды фактор болып табылады. Барлық қажетті шикізат базасы - көмір, кварцит, окалин отандық кәсіпорындармен жеткізіледі.

Ферросилиций зауытының өнімі толығымен экспортқа бағытталған.

Іске қосу басталғаннан бері 6 мың тоннаға жуық өнім өндіріліп, шамамен 60 мың тонна өнім өндірілді және 380 жұмыс орны құрылды. Жобалық қуатқа шыққан кезде бұл көрсеткіш 550 адамға дейін артады, бұл өз кезегінде қаланың және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына жағымды әсер етеді.

Барлығы жобаны жүзеге асыруға 35 млрд. теңге инвестиция салынды. Осындай ауқымды кәсіпорын «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қолдауымен құрылды.

Тегтер: Қарағандыоблысы, Ферросилицияөндірісі, Металлургия, Форроқорытпа

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.