18 наурыздан бастап Қазақстандағы мешіттер ашылатын болды. Алайда Рамазан айында болатын Қадір түнін қазақстандықтар мешітте қарсы ала алады ма? Бұл туралы Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының өкілдері жауап берді.
18 наурыздан бастап еліміздегі мешіттер жамғатты қайта қабылдай бастайды. Десек те мешіттерде адамдардың жаппай жиналуына қойылған шектеу әлі алынбады. Ереже бойынша дұға оқу орындарының 30% аумағына ғана халықтың жиналуына рұқсат берілген.
"Біздің имамдар күшейтілген жұмыс кестесіне көшеді. Келушілерді біртіндеп мешітке кіргіземіз. Мысалы Құран оқу бөлмесінде оннан астам адамның жиналуына болмайды. Ал жалпы бөлмеге азаматтар топпен кіргізіледі", - деді ҚМДБ өкілдері.
"Қадір түнін үйде өткізуге кеңес береміз. Себебі бұл кезде мешіттерде адамдар көптеп жиналады", - деп қосты ҚМДБ өкілдері.
Атап кетерлік жайт, Қадір түні 19-нан 20 мамырға қараған түні болады.