Жаңалықтар

Бердібек Сапарбаев неліктен көзіне жас алды?

Жамбыл облысының экс-әкімі Бердібек Сапарбаев өңір тұрғындарымен қоштасты деп жазады newsroom.kz порталы sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Әуежайда бұрынғы басшы өзін шығарып салуға келген жұртшылық алдында сөз сөйледі. Сапарбаев оларға өзінің және отбасының атынан алғыс айтып, кешірім сұрады. Бір сәтте экс-әкім тіпті жылап жіберді.

"Мені қолдап, бүгін келгендеріңізге рахмет. Кішкене қателіктер болса кешірерсіздер. Халықтың жағдайы дұрыс болсын деп жұмыс істедім", – деді экс-әкім.

Өзін бұлай шығарып салатынын күтпегенін де Сапарбаев айтып өтті.    

Тілші бала