ҚР СІМ-де азаматтарды қабылдау өтті
ҚР СІМ-де азаматтарды қабылдау өтті
Кеше «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Президенттік тұжырымдамасы аясында ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан азаматтарын қабылдау шарасы өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының СІМ мәлімдеді деп жазады newsroom.kz порталы.
Азаматтардың шара барысында Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіге өз сұрақтарымен жеке жүгінуге мүмкіндігі болды.
Кездесу барысында келушілер СІМ басшылығымен мәдениет, білім беру, инвестициялар және ислам банкингі саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Қазақстан азаматтары сыртқы саяси ведомствоны жақсарту бойынша өз тілектерімен және ұсыныстарымен бөлісті. Министрліктің кадр саясатының мәселелері қарастырылды.
Тілші бала