Түркіменстан президенті "таксимен жүреді"
Түркіменстан президенті "таксимен жүреді"
Түркіменстанда таксистерге автокөліктің алдыңғы әйнегіне Президент Сердар Бердымұхамедовтің суретінің көшірмесін жапсырып жүруді міндеттеп жатыр деп жазады newsroom.kz порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Әзірге Марый уәлаятының таксистері Бердымұхамедовтің суретінің көшірмесін ілуді бастады. Осы аймақта жекеменшік көліктің жүргізушілеріне заң бойынша «такси» деген ресми белгімен халыққа қызмет көрсетуге тыйым салынған.
Сондықтан оларға жол полициясы Президенттің фотосының копиясын жапсыруды міндеттеген. Бұл жерде «таксидің белгісі» 5 манатқа (1,5 доллар) бағаланып отыр.
Тілші бала