Аш қарынға жеуге болмайтын 10 өнім
Аш қарынға жеуге болмайтын 10 өнім
Пайдалы таңғы ас бізге қуат береді және күні бойы сергек жүруімізге көмектеседі. Бірақ кей өнімдерді аш қарынға жесеңіз, олар асқорытуға зиянын тигізуі мүмкін деп жазады newsroom.kz порталы massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Сондықтан қыжыл, асқазанда жайсыздық немесе газ түзілу пайда болады. Мұндай жағымсыздықтар орын алмас үшін кей нақты өнімдерді аш қарынға жемеген жөн.
Банан
Бананның ағзаға пайдалы жеміс екенін білеміз. Алайда оны аш қарынға жесеңіз, ол өз пайдасын жоғалтады. Оның құрамындағы магний мен калийдің көп мөлшері ағзадағы осы элементтердің тепе-теңдігін бұзып, нәтижесінде, жүрек-қан тамырлар жүйесіне зиян келтіруі мүмкін. Егер бананды негізгі тамақтан соң жесеңіз, оның дәрумендері жақсырақ сіңеді.
Ащы тамақ
Өте ащы немесе құрамында дәмдеуіштері көп тамақты аш қарынға жесеңіз, қыжыл пайда болуы немесе асқазан ауыруы мүмкін. Бұл пияз бен сарымсаққа да қатысты. Сарымсақ — асқазан шырышын тітіркендіретін аллициннің көзі. Алайда мұндай ащы тағамдардан толықтай бас тартудың қажеті жоқ, бастысы, оларды аш қарынға жемеңіз.
Йогурт
Йогуртта көп сүтті қышқылдар бар. Олар сүйектерді қатайтуға және пайдалы бактериялардың көбеюіне ықпал етеді. Бос қарында асқазан қышқылының дейгейі жоғары. Мұндай уақытта йогурт жеу ондағы сүтті қышқылдардың толықтай тиімсіз болуына немесе жағымсыз қышқылдық рефлюкске әкелуі мүмкін.
Қызанақ
Қызанақтар түрлі пайдалы элементтерге бай. Сондай-ақ, оның құрамында илік (дубильный) қышқылдар мен С дәруменінің көп мөлшері бар. Бұл заттар асқазандағы қышқылдықты көтереді. Оны жиі аш қарынға жеу жараның пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Сондықтан таңғы асқа қызанақты салаттың бір ингредиенті ретінде пайдаланған жөн.
Алкоголь
Егер алкогольді аш қарынға ішсеңіз, ол бірден тіке қанға түседі. Бұл қантамырлардың кеңеюіне, уақытша жылулық сезінуге және артериялық қысымның түсуіне әкеледі. Аш қарынға алкоголь ішу кезінде тез мас болу қаупі жоғары. Ұзақ уақыт аш қарынға алкоголь ішуден жүрек, бауыр және бүйректер зақымдалады.
Газдалған сусындар
Суға қосылған көмірқышқыл газы ағзаға зиян келтірмейді. Алайда, көпіршіктер асқазан қышқылдығын көтереді. Сондықтан аш қарынға газдалған немесе минералды су ішсеңіз, іш кебуі мүмкін.
Алмұрт
Алмұрт дәрумендерге және калийге бай. Алайда оны таңғы асқа немесе аш қарынға жеуге болмайды. Алмұртта асқазанның сезімтал шырышты қабығын бұзатын шикі жасұнықтар бар.
Сағыз
Біз сағыз шайнағанда ағза тезірек қорытып жіберу керек тамақ жеп жатыр деп ойлайды. Сондықтан асқазан асқорыту қышқылын бөледі, ол оған бұзушы әсер етеді. Сағызды өте көп шайнау гастриттің дамуына әкеледі. Сондай-ақ оны тойып тұрсаңыз да, 10 минуттан артық шайнауға болмайды.
Цитрусты және жаңа сығылған шырындар
Жаңа сығылған жемістер шырынын таңғы асқа ішу пайдалы деген пікір кең тарағанмен, оны аш қарынға ішу ұсынылмайды. Ол ұйқы безіне қосымша күш түсіреді.
Кофе
Таңды кофемен бастау — кең тараған тәжірибе. Бұл ұйқыны ашатын оңай әдіс секілді көрінеді. Алайда оны аш қарынға ішу жоғары қышқылдылыққа және қыжылға әкелуі мүмкін.