Румынияда Қазақстандықтардың шоттарын бұзған хакер ұсталды
Румынияда Қазақстандықтардың шоттарын бұзған хакер ұсталды
Соңғы үш ай ішінде Испания, Ресей, Бахрейн, БАӘ, Грузия, Венгрия және басқа да елдердің аумағында түрлі қылмыстары үшін іздестіріліп жатқан 16 адам ұсталды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәселен, қаңтар айында Венгрияда хакерлік әрекеттер арқылы ақша ұрлағаны үшін Алматы қаласы полиция департаменті іздестіріп жатқан Румыния азаматы ұсталды.
Ол трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында Қазақстан, Ресей, Украина, Әзірбайжан, Тайвань банктерінің шоттарына қасақана заңсыз қол жеткізу арқылы ақша қаражатын банк карталарына аударып, оларды қолма-қол ақшаға айналдырған.
Шығын сомасы 9 млн АҚШ долларынан асты. Қазіргі уақытта қылмыскерді Қазақстанға тапсыру туралы мәселе шешілуде.
Ботакөз БАҚБЕРГЕН