Жаңалықтар

Жасырын цехтер алкоголь өнімдерін қайда шығарып келген?

Жасырын цехтер алкоголь өнімдерін қайда шығарып келген?

Түркістан облысында жасанды алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цехтер анықталды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Агенттік ақпаратына сәйкес, Түркістан облысында қолдан жасалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып, контрафактілі алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын екі цех анықталды. Жасанды алкоголь өнімдерінің басым бөлігі антисанитарлық жағдайда әзірленген. Бұл тұрғындардың өмірі мен денсаулығына аса қауіпті. Танымал брендтердің алкоголь өнімдері табылып, тәркіленді. 3 мыңнан астам бөтелке, 3,5 мыңнан астам есепке алу-бақылау маркалары, 1 тоннадан астам спирт, арақтың танымал маркаларының этикеткасы, қаптама материалдары алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп атап өтеді агенттіктен.  

Тілші бала