Ағылшын тілінде сөйлеген әкім кім?
Ағылшын тілінде сөйлеген әкім кім?
Ағылшын тілінде сөйлеген Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Қазнетте қызу талқыға түсті, — деп хабарлайды newsroom.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бозымбаев Еңбекшіқазақ ауданындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша демонстрациялық платформаның ашылуында ағылшын тілінде сөйлеген. Орталықтың ашылуына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілдері келген.
Алматы облысы әкімінің ағылшын тілде сөйлеуіне шет ел мамандары мен Қазнет тәнті болған. kris_p_tdk Instagram-парақшасында қолданушылар әкімнің шет тілде таза сөйлегенін атап өткен.
Сонымен қатар, қолданушылардың бірі әкім дайын мәтінді оқып тұрғанын айтса, енді бірі әкімге мақтау сөздерін айтқан.
«Жарайсыз», «Қазақша қайда?», «Дайын мәтін ғой», — деп жазды қолданушылар
Тілші бала