Жаңалықтар

Аристотель өзінің «Саясат» кітабын ПОЛИС, яғни қала-мемлекет ұғымын сипаттаудан бастайды

Аристотель өзінің «Саясат» кітабын ПОЛИС, яғни қала-мемлекет ұғымын сипаттаудан бастайды

Аристотель өзінің «Саясат» кітабын ПОЛИС, яғни қала-мемлекет ұғымын сипаттаудан бастайды. Ол қала-мемлекетте саясат - жалпы мәселелер бойынша қарым-қатынастың ең жоғары түрі ретінде көрсетілген деп жазады newsroom.kz порталы Индира Рыстина-ның  фейсбук  парақшасына  сілтеме жасап. Уақыт өте келе бұл түсінік трансформацияға ұшырады, бірақ мағыналық өзегі өзгеріссіз қалды. Саясат әрқашан жалпыға ортақ, бұқаралық ұғым, өйткені ол айналамыздағы істерге қатысты күнделікті өмірдің реттелуімен өлшенеді. Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін ортақ талқылау, келіссөздер мен диалог алаңдары саясатты ілгерілетудің негізгі инструменттері екені анық. Бұл туралы Президент те айтқан болатын: «Реформаларды әзірлеу және оны жүзеге асыру ісіне қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтарды барынша тарту қажет. Сол үшін, ең алдымен, ұлттық жобалар мен стратегиялық құжаттардың бәрі ашық талқылануын қамтамасыз ету керек. Бұл мәселе бойынша жасанды пікірталас өткізіп, көзбояушылық жасауға болмайды». Бірақ «Жолдауды талқылаудың» ескі форматынан кетіп, елімізде орын алып жатқан саяси реформаларды жүзеге асыру үшін бұл реформалардың қоғамда талқыланып, іс-жүзінде қалай жүргізілуі керек? Еңгізу механизмдері қандай болады? Қай үлгіні қолданамыз? Кім жауапты? Қандай қауіптер бар? – деген сұрақтарға жауап жинау керек. Соңғы уақытта көптеген саяси сарапшылар түрлі алаңдарда өз ойларын айтып, саяси реформалар туралы ой-бөлісіп жатыр. Ал бұл ойлардың тұтынушысы кім? Қоғамдық пікірді қалыптастырып қана қоймай, идеялардың жинақталып, шешім қабылдаушы, заң шығарушы органдарға жетуін қамтамасыз ететін алаңдар керек.   https://youtu.be/IBiN8egt3gU?t=2          

Тілші бала