Моңғол президенті қазақ халқына не айтты?
Моңғол президенті қазақ халқына не айтты?
Қазақ халқының көктем мерекесі – Наурыз мейрамына орай Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүх жарлық шығарып, елінің дамуына ерекше үлес қосқан бірқатар азаматтарды мемлекеттік жоғары атақ, орден, медальдармен марапаттады.
Олардың отбасы, балаларын, туған-туыстарын құттықтап, қазақ халқына бақыт, еңбегіне табыс, Алтай қыранындай рух тіледі, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Моңғолиялық БАҚ-тың дерегінше, Моңғолия Президенті наурыз мейрамына орай бір қатар қазақ ұлтынан шыққан үздіктерге мемлекеттік сыйлықтармен марапаттады. Атап айтар болсақ, Моңғолия Ұлттық университетінің ғылым мектебінің биология кафедрасының кеңесші ұстазы, Ph.D., Ұлықпан Каманұлы және Налайх аудандық аға мұғалімдер қауымдастығының басқарма мүшесі Ризагүл Қалидолдойқызы «Еңбек сіңірген ұстаз» атағымен марапатталды.
«Дастан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңесшісі және ғылыми қызметкері Етекбай Тәтеұлына «Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» атағы берілді.
Автотранспорт ұлттық орталығы директорының орынбасары, экс аймақ әкімі Ғылымхан Әйіпұлы Еңбек сіңірген экономист атанды.
Сондай-ақ, «МИАТ» мемлекеттік қазынадағы кәсіпорынның Ұшу бөлімшесінің бастығы, ұшқыш Әуез Таштуанұлы «Еңбек сіңірген ұшқыш» атағын алды.
Ал Налайх ауданының 4-ші ауылының Қоғамдық Хуралының төрағасы Рахман Жанарбек, Сонгинохайрхан ауданының «Буянт-Манал» отбасылық денсаулық орталығының дәрігері Еркежан Сейіл және «Принцесс» ауруханасының бас дәрігері Жанболат Тілеубек «Еңбек құрмет» медалімен марапатталған.