Ресей әлі күнге дейін Алтын Ордаға 69 млрд доллар қарыз екен

29 Қазан, 2019 163 0

Моңғолия билігі 1470-1480 жылдар аралығындағы Ресейдің Алтын Орда хандығына тиесілі қарызын кешіретінін хабарлады. 

Мұндай қадамға екі ел арасындағы тұрақты достық қарым-қатынас негіз болған екен. Өз кезегінде Ресей Федерациясы моңғол елін қару-жарақпен қамтамасыз етуді және әр түрлі сала мамандарын жеткізуді мойнына алған көрінеді. Бұл туралы panorama.pub интернет басылымы жазады.

«Қазіргі таңда Моңғолия мен Ресей - өзара дос мемлекеттер. Біз бұрынғыдай жер үшін соғыспаймыз. Керісінше, бірігіп, әскери және экономикалық одақ құрып жатырмыз. Мәскеу Алтын Орда алдында қарызы барын мойындаған емес. Оның үстіне қазір бізде ол қарызды қайтарудың нақты механизмі жоқ әрі ол қаражат моңғол экономикасына айтарлықтай әсер ете қоймайды», — деген болатын Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга.

Ертедегі Русь мемлекеті моңғолдардың бодандығынан 1480 жылы босап шыққан. Алайда салық ретінде төлеуі тиіс 10 бөшке күміс, жарты пұт тиін терісі және 40 бөшке балды қазынаға тапсырмаған. Бұл қарыз 500 жылда 200 есе өскен екен. Моңғолия Орталық банкінің есебінше, аталған қарыздың жалпы сомасы қазіргі таңда 69 миллиард долларды құрап отыр.

Осыған дейін Моңғолия бас банкінің ресми сайтында Ресейден 69 миллиард долларды қайтару үшін мемлекеттік сатып алу жарияланғаны хабарлаған болатын. Онда несие қарызы 1470-1480 жылдары салықты төлемеген Тверь, Мәскеу, Тула және Смоленск пен Нижегород облыстарында өндірілуі тиіс делінген. Моңғол билігінің талабын Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк те қолдаған.

Фото: panorama.pub

Дереккөз: Жас Алаш

Тегтер: Ресей, АлтынОрда, Моңғолиябилігі

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Тагордың үйі

06 Мамыр, 2019

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.