Жаңалықтар

Алматыда жер сілкінісі орын алды ма?

Алматыда жер сілкінісі орын алды ма?

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 28 наурыз күні 06 сағат 32 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп жазады Newsroom.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 112 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасты. Зілзаланың энергетикалық санаты - 10.4. MPV магнитудасы - 4,9. Тереңдігі - 30 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ.