Жаңалықтар

Келіншек қайдан табылды?

Келіншек қайдан табылды?

Түркістан облысының полицейлері бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып, халықаралық іздеу жарияланған жас келіншекті жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде аман-есен тапты, - деп жазады Newsroom.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап Еске салайық, Түркістан облысы Сауран ауданындағы полиция бөліміне жоғалып кеткен келіншектің анасы арызданған. Ол арызында қызы ауруханаға кететінін айтып, үйден шығып, із-түссіз жоғалып кеткенін айтқан.
Жоғалған келіншекті жедел іздестіру мақсатында Түркістан облысы ПД басшысы, полиция генерал-майор Мұрат Қабденов бірқатар тапсырма беріп, бұл деректі жеке бақылауына алды. Түркістан облысы ПД басшысының орынбасары Құрманбек Саовтың басшылығымен тәжірибелі полицейлер іздеу жұмыстарымен айналысты. Сонымен қатар, іздеу жұмыстарымен қалалық және ауданық полиция департаменті бөлімдерінің қызметкерлері айналысқан. Тараз, Қызылорда, Шымкент және Алматы полицейлері де іздеу жұмыстарына кіріскен болатын. Келіншекке халықаралық іздеу де жарияланды. Осылайша, күні-түні мұқият жүргізілген іздестіру жұмыстары нәтижесінде Назым Алдаш Жамбыл облысының Жаңатас қаласынан табылды. Полицейлер Назымның азаматтық жұбайымен бірге болғанын анықтады. Қазіргі уақытта жас келіншектің жоғалу себептері тексеріліп жатыр.