Жаңалықтар

Ресейлік олигархтардың яхталары жаппай тәркіленуде

Ресейлік олигархтардың яхталары жаппай тәркіленуде

Италияда билігі Ресейдің Украинаға шабуылына байланысты Еуропалық Одақтың санкцияларына ұшыраған ресейлік олигархтардың мүлкіне тыйым сала бастады, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып. Итальяндық БАҚ-тың хабарлауынша, 4 наурызда Империя қаласының портында Северсталидің негізгі иесі Алексей Мордашовқа тиесілі Lady M яхтасы ұсталды. Сол күні Сан-Ремода Геннадий Тимченконың "Лена" яхтасы қамауға алынды. Сондай-ақ, Тосканада олигарх Олег Савченкоға тиесілі үш миллион еуро тұратын вилла тәркіленді. Lady M яхтасы Мордашовтың әйелінің есімімен аталған. Кеме ұзындығы - 65 метр, құны-55 миллион доллар. 40 метрлік "Лена" яхтасының құны 50 миллион долларды құрайды. Тимченконың "Волга" жеке инвестициялық тобы бар, оның активтері 22 миллиард долларға бағаланады. Италияның Сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майо Италия ресейлік олигархтардың мүлкіне шамамен 140 миллион еуро тыйым салу операцияларын бастағанын айтты. "Бұл Путинмен қоршалған адамдар, олар санкциялардан үлкен шығынға ұшырайды", - деді ол. Бұрын Францияда "Роснефть" басшысы Игорь Сечиннің яхтасы қамауға алынды, ал Германияда билік Әлішер Усмановтың санкциясына түскен 156 метрлік супер яхтты тәркіледі.