Қайырымдылық қоры ізгі іс жасады
Қайырымдылық қоры ізгі іс жасады
Өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында қайырымдылық акциясы өткізілді.
Бүгін Наурыз мерекесіне орай "Қайырымды ұлт" республикалық акциясы аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті мен "Sеnimen Bolashaq" республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі бірлесіп, Нұр-сұлтан қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында қайырымдылық акциясын ұйымдастырып өткізді.
Балаларға оқу үшін қажетті заттар табыс етілді, сондай-ақ мерекелік түскі ас ұйымдастырылды.
Бұл қайырымдылық акциялары наурыз айының соңына дейін еліміздің барлық өңірлерінде өткізіледі.