Путин ҰҚШҰ әскерін Украинаға әкетуге тырысып жатыр
Путин ҰҚШҰ әскерін Украинаға әкетуге тырысып жатыр
В.Путин бастаған Ресей үкіметі соғыстан жеңіліп жатқанын сезіп, жан-жақтан барынша қосымша күш тартуға тырысып жатыр. Тіпті, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдерді әскер беруге көндіруге тырысып бағуда деп хабарлайды Newsroom.kz порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жайлы Украина президент кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк жазды.
«Ресей жан ұшыра көмек іздеп жатыр. Тынық мұхиты маңындағы күштерін Украинаға тартып, ҰҚШҰ әскерін соғысқа қосуға көндіруге тырысып жатыр. РФ қазір ауыр артиллерияны іске қосты. Бейбіт тұрғындарды қынадай қырып, Қанжар мен Бастион бомбаларын тастап жатыр» деп жазды Подоляк Twitter-де.Айта кетсек, Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше болса, Украинаға әскері мен әскери техникасын жібермейтінін бірнеше рет мәлімдеген