Жаңалықтар

Ақмола облысында 18 жастағы бозбала суға батып кетті

Ақмола облысында 18 жастағы бозбала суға батып кетті

Бұл туралы Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
 width=
Оқиға 13 мамыр күні сағат 17:00-ге таман орын алған. 18 жастағы жігіт Сабынды ауылының маңындағы Нұра өзеніне шомылмақшы болған. Өкінішке орай, бозбала суға батып кетіпті. «Судан іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару отрядының 5 қызметкері мен 1 техникасы және 1 жүзу құралы тартылды. Бүгін мамырдың 14-де таңғы сағат 07:44 шамасында оның денесі табылып, жағаға шығарылды. Анықталғандай, оның үстінде жеке құтқару құралы болған жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген ресми хабарламада.