Түркістан: Өңірімізде «Парасаттылық мектебі» өз жұмысын бастады

25 Қазан, 2019 761 0

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде өскелең ұрпақты өнегелі іске бастайтын «Парасаттылық орталығы» ашылды.

Мектептің негізгі мақсаты - жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру, қоғам індетінің деңгейін төмендету, жас ұрпақты жанашырлыққа, адалдықққа тәрбиелеу.

«Парасаттылық орталығының» ашылу рәсіміне Департаменттің өкілдері, облыстық «Адами әлеуетті дамыту» басқармасының басшысы Р.Жолаев, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің вице – президенті А.Абуов және бірқатар білім беру ұйымдарының басшылары мен студенттер қатысты.

Жиында сөз алған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғанижан Асанұлы студенттерден құралған мектептің азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға серпін беріп, жастарды еріктілікке тартуға ықпал ететіндігін атап өтті.

Сондай-ақ, бұл орталық сыбайлас жемқорлықты жаппай қабылдамауды қалыптастыру бойынша нақты жұмыс жүргізетінін тілге тиек етіп, алдағы уақытта облыста орналасқан барлық білім беру ұйымдарында «Парасаттылық мектептерінің» ашылатындығын жеткізді.

Сонымен қатар, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетіндегі ашылып отырған «Парасаттылық орталығы» басқа білім беру ұйымдарына бағыт - бағдар көрсететін әдестемелік орталық болады.

Шара барысында жастарды мейірімділікке, әдептілікке, қайырымдылыққа шақыратын жобаның маңыздлығы мен артықшылықтары сөз болып, жобаның адал ұрпақты тәрбиелеуде айрықша маңызға ие екендігі айтылды.

Өз кезегінде Ғ.Асанұлы асыл құндылықтар туралы тек сабақтарда ғана емес, нақты іс-әрекеттермен көрсету керектігін және жақсылық жасауға ұмтылған жас буынды жасақтап шығаруға басымдық беру қажеттігін атап өтті.

Шара соңында жиынға қатысушылар тарапынан бірқатар сауалдар қойылып, олар бойынша нақты жауап берілді.

Тегтер: «Түркістан–адалдықалаңы», жоба, «Парасаттылықорталығы»

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.