Жаңалықтар

Алматыда балуандар мен күрес өнеріне қатысты кітаптың тұсауы кесілді

Алматыда балуандар мен күрес өнеріне қатысты кітаптың тұсауы кесілді

Алматыдағы Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасында «Балуан тас. Балуандар мен күрес өнеріне байланысты аңыз-әфсаналар, қисса-дастандар, ел аузындағы әңгімелер (тарихи деректер)» атты екі томдық кітап көпшілікке таныстырылды, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы inform.kz сайтына сілтеме жасап. Кітаптың авторы – мәдениеттанушы-лингвист Абылайхан Қалназаров. Еңбекке қазақ халқының көне түркі-ислам дәуірінен бері жасаған палуандары мен күрес өнері туралы аңыз-әфсаналар, қисса-дастандар, ел аузындағы әңгімелер, кейбір жекелеген тарихи деректер енгізілген.  width=  
«Қазақтың баяғы батырлары жекпе-жек өнерінің барлық қырын жетік меңгерген. Найзагерлік, қылыштасу, қамшыгерлік, жұдырықтасу, аударыспақ, көкпар, балуан күрес. Мұндай қасиетті өнер адамға жайдан-жай қона салмайды. Мұндай өнер атадан балаға мұра болып, ұрпақ алмасқан сайын үздіксіз жетіліп, ұшталып отырады. Бұл дегеніңіз – бүтін бір халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған палуандыққа негізделген жекпе-жек мектебі», – деді Абылайхан Қалназаров оқырмандармен кездесуде. Шараға алматылық кітапсүйер қауым мен зиялылар, ақын-жазушылар мен БАҚ өкілдері қатысты. Айта кетейік, бұған дейін кітаптың тұсауы былтыр желтоқсан айында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай астанадағы ҚР Ұлттық музейі Ғылыми кітапханасында кесілген болатын.