Қарақия ауданында қысқартуға ұшыраған жұмысшыларға жаңа жұмыс орындары қарастырылуда

25 Қазан, 2019 168 0

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков мәлімдеді.

Аудан әкімі қарақиялықтарды толғандырып жүрген басты мәселені көтерді. «Өзіңізге мәлім,  жұмыс көлемінің азаюына байланысты қазір «Ерсай» компаниясынан жұмысшылар қысқарып жатыр. Бүгінгі таңда Қарақия ауданының 400 азаматы жұмыстан босады. Оларды жұмысқа орналастыру масқатында 5 қазан күні Атырау қаласында «Теңізшевройл» ЖШС мердігер компанияларымен кездесу өткізіліп, жұмыссыз азаматтардың тізімі берілді. Қазіргі таңда, 2 мекеме, «Сенімдіқұрылыс» және «ССР» компаниясы жұмысқа азаматтарды қабылдауға ынтасын білдіруде. Осы компаниялармен тиісті жұмыс атқарылуда» -, деді Қ.Беков.

Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.