Елбасы ағылшынша сөйлесті: Надаль Испанияның бұрынғы патшасына хабарласып, тұтқаны Назарбаевқа ұсынды

25 Қазан, 2019 217 0

Әлемдік теннис жұлдыздары Новак Джокович пен Рафаэль Надаль арасындағы қайырымдылық матчының алдында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Испанияның бұрынғы королі Хуан Карлос I-мен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Перед теннисным матчем Рафаэль Надаль передал Нурсултану Назарбаеву теплые слова приветствия от бывшего Короля Испании Хуана Карлоса I. Елбасы поблагодарил теннисиста и попросил Рафаэля передать «привет» своему другу.

В этот момент Рафаэль Надаль позвонил бывшему Королю Испании и передал телефон Первому Президенту Казахстана. Таким образом, перед благотворительным теннисным матчем состоялся небольшой телефонный разговор Елбасы и Хуана Карлоса I

27 people are talking about this

Видео әңгімелесу сәтін баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттердегі парақшасында жариялады деп хабарлайды 

Елбасының баспасөз хатшысы атап өткендей, теннис матчының алдында испан теннисшісі Рафаэль Надаль Нұрсұлтан Назарбаевқа Испанияның бұрынғы королі Хуан Карлос І-нің құттықтау сөздерін жеткізді.

Елбасы спортшыға алғысын білдіріп, өзінің ескі досымен амандасуын өтінді.

«Сол кезде Рафаэль Надаль Испанияның бұрынғы короліне қоңырау шалып, телефонды Қазақстанның Тұңғыш Президентіне тапсырды. Осылайша, қайырымдылық теннис матчының алдында елбасы мен Хуан Карлос I арасында шағын телефон әңгімесі болды», - деді Айдос Үкібай.

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда өткен әлемнің бірінші және екінші ракеткасы арасындағы жекпе-жек Рафаэль Надальдің жеңісімен аяқталды. Нұрсұлтан Назарбаев қайырымдылық ойынына қатысты.


Тегтер: Елбасы, теннис, Надаль, кароль, Испания

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.