Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда президент сайлауы өтіп жатыр

Негізгі тартыс билеуші «Тобуро» либералды демократиялық партиясынан түскен үміткер Ли Чжэ Мин мен «Азаматтық күш» ірі оппозициялық Консервативті партияның өкілі Юн Сок Елем арасында өтеді, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы  azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап

Көптеген сауалнамаға сәйкес, екеуі де респонденттердің шамамен 40% дауысын жинап, жеңіске жету мүмкіндігіне ие. Ал өзге де сайлауға түсушілер 10%-дан төмен рейтингке ие және ашық аутсайдер болып саналады. Корея Республикасы президентінің сайлауына 44,2 млн азамат қатыса алады. 5 және 6 наурызда өткен мерзімінен бұрын дауыс беруге қатысу ел үшін рекордтық көрсеткіш болды: екі күннің ішінде 16,3 млн сайлаушы (36,9%) өз дауысын берді. Алдыңғы рекордтық дауыс беру 2020 жылы парламенттік сайлау кезінде тіркелді (26,7%).