Жаңалықтар

Шымкентті неге су басты?

Шымкентті неге су басты?

Шымкентте көктемнің алғашқы күнінен бастап жаңбыр тоқтаусыз жауып жатыр. Салдарынан көшелерді су басып, кейбір үйлерге де зақым келуде. Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, дағдарыс орталығында жедел штаб құрылған деп хабарлайды Newsroom.kz порталы aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
 width= Су сору жұмыстарына ТЖ департаментінен 113 адам жеке құрам және 39 техникасы, 38 мотопомпасы, 1 жылжымалы, 255 қапталған құм, жергілікті әкімшіліктен 14 водовоз, 2 МП жұмылдырылған. Жалпы 6834 текше метр су сорылған.  width= Кешегі болған қатты жауынның салдарынан біраз аумақты су алуына орай Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарындағы су басқан 44 мекен жайында суды шығару жұмыстары жүргізілген.

Н. НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы.