Мектеп оқушылары қоғамдық көлікте тегін жүретін болды
NewsRoom
Мектеп оқушылары қоғамдық көлікте тегін жүретін болды
Осындай бастама Павлодар облысын дамытудың іс-қимыл бағдарламасына енді деп хабарлайды Newsroom.kz порталы aikyn.kz сайтын сілтеме жасап.
Бұған дейін 7-15 жас аралығындағы балалар жолақысының жартысын, яғни 40 теңге төлеп келген еді. 15 жастан асқан соң 80 теңге төлеуге міндеттелді. Ал мамыр айынан бастап балалар мектеп бітіргенге дейін қоғамдық көліктерде тегін қатынайтын болды. Тек ол үшін «Avtobys» көлік картасын алып жүруі тиіс. Оны валидаторға тигізсе болғны. Егер көлік картасы болмаса, 40 теңге төлеуге тура келеді.
Павлодар облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қанат Қашкировтің сөзінше, оқушылардың жол жүру ақысын тасымалдаушы компанияларға өтеу үшін облыстық бюджеттен 679 млн теңге қарастырылып отыр. Демек, балалардың жолақысын енді мемлекет өзі өтейді. Қазір тиісті құжаттарға өзгерістер енгізілуде. Содан соң мамыр айынан бастап балалар автобустар мен трамвайларда билет сатып алмай жүре алады екен.