Жаңалықтар

Әбутәліп Мүтәлі билік партиясы Атқарушы хатшысының кеңесшілігіне барды

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәлі «AMANAT» партиясы Атқарушы хатшысының кеңесшісі болып тағайындалды деп жазады nurotan.kz сілтеме жасаған newsroom.kz порталы. 

Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол «Ашық партия» бірыңғай тұжырымдамасы аясында цифрландыру, мобильді қосымша құру және басқа да жобаларға жетекшілік етеді.

Әбутәліп Мүтәлі Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. The Pennsylvania State University (АҚШ) бітірген.

Ол – интеграциялық платформаларды құрумен айналысатын және мобильді қосымшаларды әзірлейтін Bolashak Engineering компаниясының негізін қалаушылардың бірі.