Жаңалықтар

Қостанай әуежайындағы ерекше баспалдақ

Қостанай әуежайындағы ерекше баспалдақ

Қостанай әуежайындағы баспалдақ жолаушыларды таңғалдырды, - деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап Желіде жақында ғана жөндеуден өткен Қостанай әуежайындағы баспалдақтың суреті мен видеосы пайда болды. Ерекше дизайндағы баспалдақ қабырғаға тірелген, бірақ онда есік жоқ. Жазба авторларының бірі жобада баспалдақты демонтаждау жұмысы қарастырылмағанға ұқсайды деп тұжырымдаған.
Әлеуметтік желі қолданушылары суретке "Аспанға апаратын баспалдақ", "Гарри Поттердегі" 9¾ платформасы", "Болашаққа жол" деп пікір қалдырған.
Әуежай әкімшілігі жөндеу жұмыстары әлі аяқталмағанын түсіндірді. Есік салу туралы шешім операциялық қажеттілікке байланысты қабылданған.
"Жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Бірақ қазір онда есіктер тұр, жұмыс жоспарлы режимде жүріп жатыр", - деп түсіндірді Қостанай халықаралық әуежайының өндірістік-диспетчерлік қызметінің бастығы Александр Андреев

Дина ШАРИПХАНОВА

tengrinews.kz