Жаңалықтар

"5-10-20" бағдарламасының шарттары: Баспанаға кімдер ие бола алады

Қазақстанда 5-10-20 тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды, оның аясында еліміздің тұрғындары тиімді шарттармен баспана сатып ала алады.  width= Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында баспана алу үшін жаңа "5-10-20" бағдарламасы іске қосылатынын мәлімдеді. "5-10-20" бағдарламасы 20 жыл мерзімге 10% бастапқы жарнамен 5%-дық несие беруді қарастырады. Бұл қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар президент министрлер кабинетіне арнайы бағдарламалар бойынша баспана мәселесімен айналысатын "Отбасы банкін" құруды тапсырды. Бұл туралы толық ақпаратты "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" басшысы Лаззат Ибрагимова Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. Ол мемлекет басшысы 11 мамырда "5-10-20" деп аталатын тұрғын үй бағдарламасын іске асыруды тапсырғанын, жобаны алдағы жарты жылдықта жүзеге асыруға тырысатындарын білдірді. Сілтеме