Жаңалықтар

Түркияның вице-президенті Түркістанда не істеп жүр?

Түркия вице-президенті Фуат Октай ресми іс-сапармен барған Нұр-Сұлтандағы байланыстарының артынан қасиетті Түркістан қаласына өтті деп хабарлайды Newsroom.kz порталы trt.net.tr сайтына сілтеме жасап

ТР Вице-президенті Түркістан сапары аясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті Кеңес төрағасы, профессор Мухиттин Шимшекпен бас қосты. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттеріне үн қатқан Фуат Октайға университет Сенатының шешімімен білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін «Құрметті профессор» академиялық атағы табыс етілді. Октай: «Сіздердің университеттеріңіздің «Құрметті профессоры» атандым. Университет қалашығына ағаш отырғыздым. Мен де бұл университет ұжымының бір мүшесі болдым» - деді. ТР Вице-президенті Октай қасиетті Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, дұға оқыды. Сондай-ақ Октай Қазақстан тарихын баяндайтын 8Д "Алтын Самұрық" театрына да барды.