Жаңалықтар

Тоқаев үшін шешуші сәт кезең келе жатыр – жас саясаттанушы

Тоқаев үшін шешуші сәт кезең келе жатыр – жас саясаттанушы

Белгілі саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында Ресей-Украина соғысының Қазақстанға экономикалық, саяси әсері туралы болжамдарымен бөліскен «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ресейге қарыздар емеспіз» деген сайын керісінше қарыз екенін көрсетіп жатыр. Оны кешегі БҰҰ-да Украинадан Ресей әскерін шығаруға қатысты дауыс беру жүргенде қалыс қалуы көрсетіп берді деп ойлаймын. Тағы бір ескеретін жағдай – Қазақстан саяси режимі үшін, Тоқаев режимі үшін қазір шешуші  кезең келе жатыр. Ресейге санкциялар ұзақ мерзімге сақталса, Ресей-Украина соғысы жақында аяқталмаса міндетті түрде Ресей экономикасы артқа кетіп, ықпалы міндетті түрде Қазақстанға тиеді. Қазірдің өзінде Еуропа елдері Ресейді барынша оқшаулау үшін Еуразия экономикалық одақ елдеріне де санкция салу туралы айтуда. Егер санкцияның бір ұшы Қазақстанға тисе, тіптен қиын болмақ. Оның үстіне халықтың қаңтар оқиғасынан кейін жұртшылықтың бұрынғы наразылықтары басылып қалған жоқ. 2020 жылдан бергі пандемияның да соққысы ауыр болды. халық жыл санап емес, ай санап артып жатыр. Тенгенің девальвациясы бар. Сол себепті соғыс зардабы саясатқа әсер етпей қоймайды», - дейді саясаттанушы. «Біздің режимдегі басшылардың өз биліктерінің легитимділігіне өздерінің де күмәні бар. Өйткені көпшілік қолдамайды. Оларға саяси, тіпті, керек кезде әскери қолдау білдіретін бір ғана мемлекет бар. Ол – Ресей. Біз оның алғашқы нышандарын қаңтар оқиғасы кезінде көрдік. Сол себепті біздің режим амалсыздан соғысқа қатысты нейтралды позиция ұстанып жатыр. Ресей де, Қазақстанда да авторитарлық режим басқарады. Авторитарлы режимдердің тіл табысуы оңай, биліктерін сақтап қалу үшін ынтымақта болып, бір-біріне көмектеседі. Егер Путиннің билігі әлсірейтін болса, Тоқаевтың билігі әлсіреп, Қазақстанда да саяси жүйе ауысуы мүмкін. Тоқаев әлсіресе, амбициясы бар саяси топтар да тарихи сәт туды деп күресті күшейтуі ықтимал. Ал біздегі билікке талас дамыған елдердегідей мәдениетті жүрмейді деп ойлаймын», - деп түсіндірді Шалқар Нұрсейіт. https://youtu.be/6KspwoIHUp0