Лейла Генджердің опера тарихында «Gencerate» ұғымын қалыптастырғанын білетін бе едіңіз?
Лейла Генджердің опера тарихында «Gencerate» ұғымын қалыптастырғанын білетін бе едіңіз?
Әйгілі сопрано Лейла Генджердің дауысын қолдану әдісінің әлемдік опера терминологиясына «Gencerate» ұғымы ретінде енгенін білетін бе едіңіз?
20-ғасырдың ең маңызды сопраноларының бірі ретінде көрсетілген, аты опера тарихында алтын әріптермен жазылған Лейла Генджердің опера мансабы 1950 жылы Анкара операсында ‘Cavalleria Rusticana’ опера қойылымындағы «Сантуазза» рөлімен басталды деп хабарлайды Newsroom.kz порталы trt.net.tr сайтына сілтеме жасап
Алғаш рет 1953 жылы Түркия мен Италия арасында жасалған Мәдениет келісімі аясында радио концертін қоюға Римге барды. Осы концерттегі жетістігінің арқасында Италиядағы танымал опералардан басты рөлге ұсыныстар түседі. Осылайша Генджер өзінің халықаралық мансабына қадам басады.
Джузеппе Вердидің әйгілі «Травиата» (La Traviata) атты операсымен Еуропаның көптеген елінде, Ресей мен АҚШ-та өнер көрсетті. 1957 жылы Лейла Генджер ең үлкен мақсатына жетіп, әлемге әйгілі «Ла Скала» (La Scala) театрында сахнаға шықты.
1985 жылы сахнамен қош айтысқан сопрано өмірден озған 2008 жылға дейін «Ла Скала» театрында жауапты қызметтерді атқарып, сабақ берді. Өзінің зерттеуші тұлғалығы және алған білімімен ұмытылып бара жатқан көптеген туындыны жарыққа шығарған Лейла Генджер сондай-ақ «Gencerate» ұғымын өз дауысын техникалық қолдану әдісі арқылы әлемдік опера терминологиясына енгізді.