Елбасы кітапханасындағы тартымды квест-сабақ

22 Қазан, 2019 33 0

Елбасы кітапханасының музейінде елордалық №40 мектеп-лицейі оқушыларының қатысуымен «Қазақстанның сәндік қолданбалы өнері» атты квест-сабақ өтті.

 

Квест-сабақтар 2010 жылдан бастап Елбасы кітапханасы музейінің Ғылыми-білім беру бағдарламасы барысында сабақты өткізудің инновациялық үлгісі ретінде кеңінен қолданылады. Мұндай сабақтар оқушылардың ғылыми-тәжірибелік қызметінің дағдылар жиынтығын жасақтауға мүмкіндік береді: материалды өздігінен талдап, шешім қабылдауға, деректерді жүйелеуге, түрлі көзқарастарды сын көзбен бағалауға, мәселені шешудің оңтайлы жолдарын табуға және т.б. Бұдан басқа, квест-сабақтар командада күрделі ғылыми тапсырмаларды орындау қабілетін дамытады.  

Сабақтың басында балалар Қазақстанның сәндік қолданбалы өнерінің даму ерекшеліктері және даму кезеңдерімен танысты. Содан кейін бес команда жасақталып, олардың әрқайсысы бағыттық қағаз бен ұйымдастырушылар арнайы әзірлеген тапсырмалар жинағын алды. Командалар белгілі бір уақыт ішінде бағыт бойынша жүріп, қазылар алқасына орындалған жұмыстың қорытындысын ұсыну керек болатын. Бірінші кезең қорытындыланған соң капитандар конкурсы өтті.

Сабақ ойын үлгісінде қызықты өтті және қатысушылар ұшан-теңіз жағымды сезімдерге ие болды.

№40 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Мансур Рахманов:

– Мұндай ерекше сабаққа бірінші рет қатыстым! Елбасы кітапханасының қызметкерлері нағыз саяхат ұйымдастырды. Біздің қоманда бірнеше тапсырманы орындауы тиіс болатын. Біз барлық бағытты өтіп, сұрақтардың бәріне жауап бердік. Біздің командамыздың ынтымағы мол, әрі белсенді болды. Мен осы музейде алғашқы рет болдым, маған барлығы ұнады.

 

№40 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Эльмира Мауина:

– Өте қызықты және танымдық сабақ болды. Біз ұлы ата-бабамыздың сәндік қолданбалы өнері туралы көп нәрсе білдік. Тапсырмалар күрделі де тартымды болды. Мен осындай квестке тағы да қатысар едім.

 

 

№40 мектеп-лицейінің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Базаркүл Оспанова:

- Қатысушылар квест-сабақтан мол әсер алды. Осындай іс-шаралар - өткен материалды бекітудің тамаша түрі. Балалар тыңдап қана қоймай, қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің жарқын үлгілерін өз көзімен көруге мүмкіндік алады. Сабақ тақырыбы бойынша практикалық тапсырмалар әдістемелік түрде дұрыс және тарих бойынша мектеп бағдарламасы есепке алынған. Балалар ойындарға зор қуанышпен қатысты. Сондай-ақ, квест-сабақтар пәнаралық байланыстарды да жасақтайды. Сабақтың осындай үлгісін бейдәстүрлі сыныптан тыс іс-шара ретінде де қарастыруға болады. Әріптестігіміздің жалғасатынына сенемін және сабақ ұйымдастырушыларына зор ризашылығымызды білдіреміз.

Тегтер: Елбасыкітапханасы, квест-сабақ

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.