Россиядағы түркілер туралы айтылғанда, бірден еске екі адам түседі.Екеуінде Путиннен бастап, бүкіл ресейліктер мойындайды.
Амангелді Төлеев және Алишер Усманов.
Бірі қазақ, бірі өзбек.
Бірі өмірінің көп бөлігін мемлекеттің қызметке арнады, екіншісі бизнеске.
А.Төлеев Ресей президенттігіне үш рет түсті. Бес-алты миллион ресейлік сайлаушы оны қолдады.
Кілең орыс тұратын Кемерово облысында жиырма жылдай губернатор болды. Бірнеше рет сайлауда, айқын басымдықпен жеңді.
Алишер Усманов сәуірден бері індетке қарсы 20 миллион доллар, су тасқынына қарсы тағы 20 миллион доллар бөлді. Оның ішінде үйін су басқан әр мақтаралдыққа мың доллардан, жалпы бес миллион доллар берді.
Амангелді ағамыз қазір зейнеткер.
Бірақ, ол да қолда барын аяйтын адам еместігін 2003 жылғы Жамбыл облысындағы Луговой жер сілкінісінен кейін көрдік.
Алғашқылардың бірі болып, жүз мың доллар аударды.
2000 жылдардағы Ақтаудың орталық мешітіне, 2006 жылдары, "Адай ата-отпан тау" комплексінің салуына да қаражатпен көмектесті.
Алишер Усманов елмен етенелеу болған сияқты.
Себебі ,бұрынғы президенті И.Каримовте , қазіргісі Ш.Мирзеёвта оны құшақ жая қарсы алады.
Біз ше? Тәуелсіздіктен соң "сыртта туылғандар президенттікке ұсыныла алмайды"'дегенді бекіттік. Естуімізше
"Төлеевті қызметке шақырмақ түгіл, жақындатпауға тырыстық."
Ия, кейбір жалақорлар екеуіне де, әр түрлі 'вымыселмен" жалған ақпаратты таратып жүрді.
Анығына жетпей, аңқаулар екеуін де "ағаш атқа мінгізгеніне " мәз.
Уақыт өтер, кетер! Өздерін "алып империя " санайтын Ресейде жарқылдаған түркінің бұл ұлдарын тарих ұмытпайды.
Бүгін ,Амангелді Ғұмарұлының туған күні екен.
76 жасқа шығып жатыр.
Жеке таныстығымыз жоқ болса да, құттықтағанды жөн санадым.
Аман ағамызға Жаратқан иеміз жар болғай!
Хақ тағала Аман ағамыздың қазақы қарымын , сіздердің ұл-қыздарыңызға бұйыртқай!
Ұры-қарыға ғана "тектінің тұяғы"-деп , телміргенше, сырттың саңлақтарын да ұмытпайық!
Бабаларымызды айтқан "қарға баулы қазақ екеніміз" рас болса!
Алданазар Жайлыұлы жазбасынан.