Келес ауданының автомобиль жолдарына мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілді

23 Қазан, 2019 415 0

Бүгін «Сапалы жол - Түркістан Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аясында Түркістан облысына қарасты Келес ауданының автомобиль жолдарына  мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілді. 

Автокөлік жолдарының сапасын сараптау мақсатында  жүргізілген  қоғамдық бақылау жұмыстарына «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Ерұлан Тұңғышбаев, Арнайы мониторингтік топ мүшесі Олжас Мамыр, аудандық «Nur otan» партиясы Келес аудандық филиалының бірінші орынбасары Ахмет Жұмабеков,  аудандық мәслихат хатшысы Арын Тотиков, жол зертханасы мамандары мен БАҚ өкілдері қатысып,  аудан орталығы Абай ауылында «Ауыл- Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан  жолдардың сапасын тексерді. 

Мониторинг барысында  жылжымалы жол зертханасы арқылы  жаңадан салынған ондаған көшеден сынама алынып,  23-көшеде орналасқан көшелердің  17-сінің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалғандығы мәлім болды.    

Тексеру нәтижесінде асфальт төсенділерінің үстінен ажырық шөптер өсіп шыққандығы және  суағарлардың талапқа сай орнатылмағандығы анықталды.

Келес ауданының автомобиль жолдарына жүргізілген бір күндік бақылау жұмыстары бойынша табылған бірқатар кемшіліктер тиісті мекемелерге жолданып, қайта жөндеуден өткізу бойынша  мердігер мекемеге  тапсырма берілді.  

Айта кетейік, «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл Келес ауданында жалпы 25 нысан пайдалануға беріледі.  

Алдағы уақытта Түркістан облысына қарасты барлық аудан/қалалардың жолдары бақылауға алынып, мониторингтік жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Тегтер: «Сапалыжол-ТүркістанАдалдықалаңы», автомобиль, Келес

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.