Жаңалықтар

Қошанов: «Конституциядан орыс тілін алып тастаудың қажеті жоқ»

Қошанов: «Конституциядан орыс тілін алып тастаудың қажеті жоқ»

Елде Конституциядағы орыс тілінің мәртебесін алып тастау туралы халық петиция жариялаған. Бұған қатысты Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.
«Петицияны бастамашыл топ жариялаған шығар, халық жариялады деп айтуға болмас. Мен сіздерге қарсы сұрақ қояр едім: қазақ тілін одан ары дамыту маңызды ма, әлде орыс тілін алып тастаған маңызды ма? Менің ойымша, қазақ тілін дамытуға акцент беруіміз керек. Оны қалай дамытамыз? Журналистердің бәрі тек қазақ тілінде сөйлесе ме? Шынын айтайын, депутаттардың бәрі бірдей қазақ тілінде сөйлемейді. Сондықтан қазақтар қазақ тілінде сөйлесіп, өзге ұлт өкілдерін қазақша сөйлеуге тарту керек. Бірінші мәселе – осы. Ал біз көпұлтты мемлекетпіз ғой. Олар бір-бірімен сөйлесуі үшін орыс тілі қажет. Бүгінде Конституциядан орыс тілін алып тастаудың қажеті жоқ деп есептеймін», – деді Қошанов.