Жаңалықтар

Оқушы қыздың хатына Президент жауап берді

Оқушы қыздың хатына Президент жауап берді

Жамбыл облысы Жасөркен ауылындағы «Мөлдір» бала­бақша-мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы Жібек Исабектің жазған хаты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың қолына тиді. Бұл туралы Newsroom.kz порталы хабарлайды  Аikyn.kz сайтына сілтеме жасап Ел Президенті Жібекке жазған хатында жамбылдық оқушының жүрекжарды тілегін аса риза­шылық­пен оқығанын баяндаған. – Маған жолдаған ыстық лебізің үшін рақмет. Сенің ертеңгі күні үлкен азамат болып өсіп, еліміздің парасатты перзенті атанатыныңа кәміл сенемін. Біздің бүгін қолға алып жатқан жұмысы­мыздың барлығы да жарқын болашағымыздың иесі – өздеріңе арналады. Сондықтан сабағыңды үздік оқып, ұстаздарың мен анаң­ның берген тәлім-тәрбиесін бойы­ңа сіңіріп, мақсатқа ұмтылудан жалықпа. Отбасыңның қашанда мақтанышы болып, жетістіктерге жете бер, айналайын! Анаң мен бауы­рыңа менен сәлем, – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы Жамбыл ауданының оқушысына ноутбук тарту етті. Өз кезегінде хаттың иесін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та арнайы қабылдап, «Мұндай хатты жүректі қыз жазады» деп таңданды. Ізгі ниетін көрсеткен Бердібек Машбекұлы Жібекке смартфон мен кітап сыйлады.

А.ЖАСАНҰЛЫ

aikyn.kz