Сұмдық! Жетісайдағы тойға акула сойған
Сұмдық! Жетісайдағы тойға акула сойған
Белгілі әнші Әбдіжаппар Әлқожа ұлдарының сүндет тойына келген қонақтарға бұқтырылған акула етінен ас ұсынды, - деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Opennews.kz ақпарат сайтына сілтеме жасап.
22 ақпанда Әбдіжаппар Әлқожа екі ұлының сүндет тойын Жетісайда дүркіретіп өткізді. Күндіз 30 мың адам жиналған көкпар ұйымдастырылып, кешке 1000 адамға той жасалды. Тойда белгілі аспаз Бағдат Қадыров акуланың етін бұқтырып, қонақтарға ұсынған. Экзотикалық астан өнер адамдары ауыз тиді.-Той иесі белгілі өнер адамы Әбдіжаппар Әлқожа акуланы Ресейден арнайы тапсырып алдырды. Бір ғана акула әкелді, салмағы — 3 килограмм. Оны бүтіндей бұқтырып, шоу жасап, қонақтарға ұсындық. Әдетте балықты бұқтырған сияқты пісіріледі, ешқандай қиындық жоқ. — деді аспаз Бағдат Қадыров.
Бағдаттың айтуынша, ол өмірінде үш рет акула етінен тамақ істеген. Осыған дейін Алматыдағы атақты адамның тойына да осындай экзотикалық ас ұсынған. Демек акула — бай-бағландардың сүйікті асы.
Еске сала кетсек, Бағдат Қадыров Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ас дайындағанын айтқан болатын.