Жаңалықтар

“Көзбояушылық”: Үйлену тойында анасының аяғын сүйген жігіт желі қолданушыларының сынына ұшырады

“Көзбояушылық”: Үйлену тойында анасының аяғын сүйген жігіт желі қолданушыларының сынына ұшырады

Қазақстандықтар үйлену тойында анасының аяғын сүйген жігіттің әрекетін талқылауда. Алайда ер адамның бұл әрекеті көпшілікке ұнамай қалған, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап  https://youtu.be/mBWhHoBki2M?t=15
Видеодан мейрамханада өтіп жатқан тойды көруге болады. Той барысында жігіт анасына жақындап, тізерлеп отырып анасының аяғынан сүйе бастайды. Алайда жазба астында жігітті сынап, жағымсыз пікір жазғандар көп болған. “Осындай қойылымдар қашан аяқталады?”, “Әр ана мұндай әрекетке лайық”, “Аяқ сүю сәнге айналған ба? Үйде сүй. Мұны көпке көрсетудің не керегі бар? Өз құрметің мен махаббатыңды іс-әрекетіңмен көрсет”, “Неге тек бір күн, той кезінде ғана сүйеді, көзбояушылық, маскарад. Әр күні сүйіп, алақандарыңда ұстаңдар, аналар мұндай құрметті өмір бойы көруге лайық”, “Үйде сүю керек. Көзбояшылық”, “Қазақтарда адамдардың көзінше аяқ сүю сәнге айналған. Үйде, отбасыңның алдында сүй. Міндетті түрде көптің көзінше емес және Instagram-да жариялаудың да қажеті жоқ”, – делінген желі қолданушылары қалдырған пікірлерде.