Жазира мен Жанболат Instagram желісі арқылы өз жанкүйерлеріне үндеу жасап, олардың атынан жүріп жатқан ұтыстарға қатыспауға шақырды. Жұлдызды жұп бұл ақшалай ойындарға олардың еш қатысы жоқ екенін айтты. Әншілердің сөзінше, алаяқтар олардың суреті мен атын мүлдем рұқсатсыз пайдаланып жүр. Ерлі-зайыптылар енді бұл мәселені заң жолымен шешпек. "Біздің cуретімізді қойып қойып, атымыздан ұтыс ойынын ойнатып жатқандарға сенбеңіздер" деп қанша ескертсем де әлі қатысып жатыр екенсіздер. "Ондай алаяқтармен енді заңмен басқаша сөйлесемін" дейді біздің директорымыз Аслан Бексұлтан" , - деп жазды Байырбекова. Айта кетейік, соңғы кезде бірқатар өнер жұлдыздары ұтыс өткізетін алаяқтарға алданып жүр. Олар жарнама жасаған ұтыс ойындары түбінде әділ өтпейтін болып шығуда. Жақында ұқсас жағдайға Ернар Айдар да тап болды. Ол жарнамалап берген ұтыс ұйымдастырушылары бүгінде алаяқтық бойынша тергеліп жатыр.
Сілтеме