Сабираның отбасылы болғанына арада бірнеше жыл болды. Бүгінде екі баланың анасы. Алғашқы махаббаты күйеуінің жаңа серіктесі болған ол, отбасы үшін алаңдайтынын айтты. Ол "күйеуіме бұрын ғашықтар болғанымызды айтып қоймаса екен деп қорқамын" дейді Сабира есімді келіншек NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісіне сырын ақтарып.
Сабираның айтуынша ол Ғани есімді жігітпен қос аққудай қол ұстасып жүрген. Екеуі шаңырақ құруға да бел буған. Алайда қос ғашықтың тағдыры екі жаққа кеткен. Арада бірнеше жыл өтеді. Осы уақыт аралығында ол өзінің болашақ жарын, сүйіктісін кезіктіргенін сезеді. Бір-бірін танып, етене жақын болғанда Болатқа тұрмысқа шығады.
"Қанша уақыт Ғаниды ұмыта алмадым. Екі жыл хабар ошарсыз кетті. Ата-анам бәрі таниды. Тойға да дайындалып кеткен едік. Оның себепсіз басқа қалаға кеткенін сол күйі жұмбақ болды. Осылайша тағдыр мені Болатқа кезіктірді. Қанша уақыт өзінің мейірбандығымен баурап алды. Менің көптен күткен жарым, екінші жартым екенін сездім. Шын сүйдім. Ол адал қарым-қатынасқа лайық жан. Жуырда ғана алғашқы махаббатым Ғанимен жаңа серіктес болғанын естідім. Бұрын екеуміздің арамызда сезім болғанын білмей-ақ қойса екен. Отбасыма ешқандай зияны тимесе екен. Күйекімнің көңіліне кірбің түсірмесе екен деп алаңдаймын", - дейді Сабира.