Жаңалықтар

Түркіменстан президенті Бердімұхамедовтың ұлы болуы мүмкін бе?

Түркіменстан президенті Бердімұхамедовтың ұлы болуы мүмкін бе?

Түркіменстан демократиялық партиясының кезектен тыс тоғызыншы съезі президенттікке үміткер ретінде қазіргі президенттің ұлы – вице-премьер Сердар Бердімұхамедовты ұсынды, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы aikyn.kz сайтына сілтеме жасап Съезге қатысушылар Бердімұхамедовтың сөзін тыңдап, оның Түркіменстан президенті лауазымына кандидатурасын қолдады. Орталық сайлау комитетінің шешіміне сәйкес, елімізде дүйсенбіден бастап ел Президентін мерзімінен бұрын сайлау науқанының бірінші кезеңі – кандидаттарды ұсыну басталды. Түркіменстанда туған, кем дегенде 40 жаста, мемлекеттік тілді меңгерген, өткен 15 жыл ішінде елде тұрақты тұрып, жұмыс істейтін ел азаматы Түрікменстан президенті болып сайлана алады. Оны ел халқы жеті жыл мерзімге сайлайды және ол ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі. Сайлау кодексіне сәйкес, кандидаттарды ұсыну құқығы сайлау тағайындалғанға дейін тіркелген саяси партияларға, сондай-ақ азаматтар топтарына тиесілі. Саяси партиялар өз съездерінде президенттікке кандидаттарды ұсынады. Елде үш саяси партия жұмыс істейді: Түрікменстанның демократиялық партиясы, Түрікменстанның аграрлық партиясы және Түрікменстанның өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері партиясы. Түрікменстанның демократиялық партиясы – елдің ежелден келе жатқан саяси партиясы. Ол 1991 жылы құрылған. 61 жастағы Гурбангулы Бердімұхамедов Орталық Азиядағы табиғи газға бай Түркіменстанды өзіне дейінгі президент Сапармұрат Ниязов қайтыс болған 2006 жылдың желтоқсанынан бері басқарып келеді. Түркіменстан билігін сынайтындар мен құқық қорғаушылар Бердімұхамедовтің билікке келгелі өзгеше ойлайтындарды қудалағанын және айтарлықтай өзгеріс жасамағанын айтады. Президент Бердімұхамедовтің жалғыз ұлынан басқа үш қызы бар. Ал 40 жастағы Сердардың саясаттағы мансабы 2016 жылдың соңында бастады. Сол кезде ол Түркіменстан парламентінің мүшесі болып сайланды. Сонымен қатар елдің өндіріс және құрылыс министрі қызметін атқарған.