Бейжің-2022: қазақстандықтардың 15 ақпандағы жарыс кестесі
Бейжің-2022: қазақстандықтардың 15 ақпандағы жарыс кестесі
Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында ертең, яғни 15 ақпанда қазақстандық атлеттер екі спорт түрінен сынға түседі, – деп хабарлайды Newsroom.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап
15 ақпандағы жарыс кестесі:
Шаңғы қоссайысы
14:00 Үлкен трамплин. К-125. Ерлер
17:00 Гундерсен жүйесі бойынша 10 шақырымға із кесу. Ерлер Фристайл
17:00 Шаңғы акробатикасы. Бірінші іріктеу. Ерлер
17:45 Шаңғы акробатикасы. Екінші іріктеу. Ерлер
Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр. Олар – қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсуде.
Бейжің Олимпиадасы 20 ақпанда мәресіне жетеді.
Рая Мінап
aikyn.kz