Жаңалықтар

Медаль жоқ, поэзия бар: танымал қазақстандық дипломат Бейжіңдегі қазақ қызына өлең арнады

Медаль жоқ, поэзия бар: танымал қазақстандық дипломат Бейжіңдегі қазақ қызына өлең арнады

Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиададан медаль күтіп, күдерімізді үзгелі қашан. Көктем шығайын деп жатыр... Жазғы әрі қысқы Олимпиадалардан алтын мен күміс һәм қола түгілі 4-ші әрі 5-ші орынға ақшалай жүлде беретін Қазақстан секілді елдер Әлемде сіра-да аз шығар... Осындай ойды мұң басқан кезде, белгілі публицист әрі кеңседегі қаламын поэзия мен публицистика жанрында қатарынан сілтейтін Мұхтар Кәрібай Бейжіңде Қытай құрамасының қатарында өнер көрсетіп жатқан Ақнар Ардаққа өз өлеңін арнапты.
1999 жылы ШҰАР дүниеге келген қандасымыз туралы қара өлеңнің қатарын бұзбай оқырман назарына жеткізуді жөн деп таптық.

Мұз бетінде сырғанаған, қарағым,

Барша әлемді

сымбатыңа қараттың.

Небір дүлдүл тайталасқан сайыста

Көкжалдарға дес бермедің, жарадың.

Мұз бетінде сырғанаған, қарағым,

Мен де саған қимастықпен қарадым.

Туған жерің жат өлкеде қалғанмен,

Адамзатқа ортақ сенің талабың.

Мұз бетінде сырғанаған, қарағым,

Мақтанымды жасыра алмай барамын,

Ана тілің , жарқын үнің тербентті,

Арналсыншы тек өзіңе бар әнім!

Мұз бетінде сырғанаған, қарағым,

Сенің де бейнең барша әлемге тарады,

Білемін мен, Димаш, Сәуле бастаған,

Бұл ғасырдың қазақтікі боларын.

Мұхтар Кәрібай

Қытайда Олимпиадада өнер көрсетіп жатқан қандасымыз Ақнар Ардаққа арналады