Жаңалықтар

Болат Қальянбеков жаңа қызметке тағайындалды

Болат Қальянбеков жаңа қызметке тағайындалды

"Nur Media" холдингінің Бас директоры Болат Серікұлы Қальянбеков ҚР Парламенті Мәжілісі аппарат басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы қазақстандық элитолог Ербол Еділовтің телеграм каналына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы хабарлайды.
Б.Қальянбеков 1979 жылы дүниеге келген. Е.Букетов атындағы ҚарМУ түлегі. "Саясаттану" мамандығы бойынша білім алған кәсіби медиа-менеджер.
Еңбек жолын 2002 жылы Саран қаласы әкімшілігінде бастаған. Әр жылдары Жоғары соттың баспасөз қызметін, Алматы телеканалын және 2019 жылдан бастап, "Nur Media" холдингін басқарған.