Құлжаның асығындай шымыр: 2 сыныпқа лайық тіркес пе?
Құлжаның асығындай шымыр: 2 сыныпқа лайық тіркес пе?
2 сыныптың "Әдебиеттік оқу" деген оқулығы. "Бекзат" деген матералдан алынған тіркестер:
"Құлжаның асығындай шымыр"; " Көзінен ашу ұшқындап, жер тарпып тұр"; "Сарт-сұрт ұрып оңға орғиды Көздеп ұрып солға орғиды"; " Ойсыз бокс — орға жығылу"... Меніңше, 7-8 жастағы баланың түсінуіне ауырлау сияқты. Келісесіз бе?Оның үстіне оқиға аз, суреттеу көп болғандықтан, мазмұнын айту қиын. Автор әу баста балаларға емес, жалпақ оқырман қауымға арнап жазғаны анық. Мәселе құрастырушылардың соны оқулыққа енгізіп жібергенінде болып тұр.
Танымал журналист Арнұр Асқардың фейсбук
парақшасынан алынды