«Мектептерде діни әңгіме айтқан жоқпын»: Мұхамеджан Тазабек Білім министрінің ескертуіне жауап берді

21 Қазан, 2019 234 0

Бүгін Мәжілісте Білім және ғылым министрі  білім ордаларында ешкімнің уағыз айтуға болмайтынын шегелеп айтты

Осы жерде Асхат Аймағамбетов  соңғы уақытта өзін «психология ғылымдарының кандидаты» деп таныстырып жүрген Мұхамеджан Тазабектің Ақтөбе облысы, Шалқар қаласындағы №8 мектептегі кездесуіне тыйым салынғанын мысал ретінде келтірген. Осы мәлімдемеден соң лекциялары сынға ұшыраған Тазабектің пікірін білген едік:

«Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында Мәдениет үйі жөндеуде болған соң әкімдік жанындағы жастар ұйымы мектепте өткіземіз деп шешкен. Соңында білім ошағында ештеңе өткен жоқ. Ақыры мәдениет үйінде ұйымдастырылды.  Кездесуде оқушы мен мұғалім көргенім жоқ. Көбі -  аудан ақсақалдары, қала тұрғындары  мен  жастар. Діни насихат  болған жоқ. Керісінше,  жиналғандарға  діни ағымдардың жаман екенін айттым. Негізінен мен «Рухани жаңғыру» аясында ұлттық тәрбие, патриотизм, ұстаздар мен  ата-ананы құрметтеу жайында көбірек айтамын. Ара-тұра университеттерге де  шақыратынын жасырмаймын. Бірақ онда ата-ана, ақын ретінде барамын», - дейді Мұхамеджан Тазабек. 

Ал лекция оқуға гонорар төлей ме деген тілші сұрағына Тазабек: «Жолақысын кейде төлейді,кейде төлемейді» деп жауап берді.

«Енді шапан жауып жатады. Оның үстіне ұйымдастырушыларға менің достарым, жергілікті кәсіпкерлер көмектесетін секілді. Өйткені, мені солар шығарып салып жатады. Ал былай қаржы туралы көп әңгіме болмайды», - дейді М.Тазабек.

Дереккөз: azattyq-ruhy.kz

 

Тегтер: Білімжәнеғылымминистрі, МұхамеджанТазабек, уағыз, мектеп

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.